«Адам және табиғат» қалалық байқауының қорытындысы
Туған жерге қамқорлық” жобасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 1 ақпанынан 16 ақпанына дейін әлеуметтік желілерде ақпараттық және танымдық посттар жазу бойынша “Адам және табиғат” қалалық байқауын бастадық.
Байқаудың негізгі мақсаты мектеп оқушыларының табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық және тәжірибелік іс-әрекетіне ықпал ету, табиғатқа қатысты белсенді адамгершілік ұстанымды қалыптастыру, яғни мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады
Бұл байқау тұнғыш рет өтті. Оған қала және ауылдың білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Қатысушылар үлкен шығармашылықпен қатысты. Өз бетінше дербес жасалған фотосуреттер мен бейнелер көзді қуантады, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады және басқаларға жақсы үлгі болады.
Байқау қорытындысы бойынша 6 жеңімпаз анықталды. Олардың ішінде:
1 орын- Сабыржан Әйгерім Ы.Алтынсарин атындағы гимназия
2 орын – Құлажанова Ақния Б.Майлин атындағы №3 ОМ
2 орын – Амурова Айым Ы.Алтынсарин атындағы гимназия
3 орын – Айтпай Аида А.С. Макаренко атындағы орта мектеп
3 орын – Дарханқызы Дильназ А. Кунанбаев атындағы мектеп-гимназия
3 орын – Спанова Ақсезім Ш. Уәлиханов атындағы №1 ОМ

Балалардың ақылды және жарқын ойларының арқасында біз сіздің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне, туған өлкенің болашағына деген көзқарасыңыз туралы кері байланыс алып қана қоймай, сонымен қатар қаламызды экологиялық таза және гүлденту туралы нақты ұсыныстар алдық.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Жаңа жеңіс тұғырын бағындыра беріңіздер!
Жаңа жеңіс тұғырын бағындыра беріңіздер!