Ахмет Байтұрсыновтың үйі
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ МӘЛІМЕТТЕР БІЛЕСІЗ?
📌480 53′ 22” N 630 53′ 00” E
Ақкөл ауылы – А. Байтұрсынұлының туған жері. Ол осында туып – өсіп, алғашқы өмір мектебінен өтті. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалап, қоғам және саясат қайраткері, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы ретінде тарихта өшпестей із қалдырды. Ол өз заманындағы көзі ашық, білімді азаматтардың бірі де, бірегейі еді.
Өкінішке орай, Ахаң туып – өскен үй алғашқы салынған қалпында бізге жеткен жоқ. Тек үй іргетасының іздері ғана қалды. Сол себепті, көп уақыт сол жерде ұлт зиялысы А. Байтұрсынұлының туып – өскенін тек ескерткіш тақта ғана еске салып тұрғандай еді. Десе де, «Ауылым – алтын бесігім» экспедициясының арқасында ол үй қайта қалпына келтірілді. Үйді жергілікті тұрғындар қазақтың ежелгі «Асар» дәстүрі бойынша қайта салып шықты.
Ақкөл ауылына жақын жерде А. Байтұрсынұлының отбасының қорымы бар. Ол жерде әкесі Байтұрсын және екі ағасы Қали мен Мәшен жерленген.