«Айбары асқақ – Астана» атты мерекелік ән байқауы Астана – біздің халқымыздың бәрін біріктірген отанымыздың жүрегі және ұлттық ойы.

«Айбары асқақ – Астана» атты мерекелік ән байқауы Астана – біздің халқымыздың бәрін біріктірген отанымыздың жүрегі және ұлттық ойы. Ағымдағы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары – Астана қаласының 25 жылдығын еліміздің барлық өңірлерінде атап өтілуде. Еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың туған күніне орай Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 5 шілде күні «Айбары асқақ – Астана» атты мерекелік ән байқауы ұйымдастырылды. Қалалық байқауға қала және ауыл мектептері жанындағы жазғы лагерь оқушылары өз бақтарын сынап қатысты. Астана қаласына, туған жерге, Тәуелсіз Қазақстанға арнаған әндерін әуелетіп шырқап, көрермен көзайымына айналған өнерпаздарға әділ қазылар алқасы өз шешімдерін төмендегідей қабылдады: Кіші топ бойынша І-орынды Кейкі батыр атындағы №4 мектеп оқушысы Сайлау Айару, ІІ-орынды Б.Майлин атындағы №3 мектеп оқушысы Нұрбекқызы Ақкүміс, ІІІ-орынды А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы Тұрғали Әлихан иеленді. Орта топ бойынша І-орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Сейтжан Жаннұр, ІІ-орынды Кейкі батыр атындағы №4 мектеп оқушысы Бағдат Айерке, ІІІ- орынды Уали Айару иеленді. Барлық қатысушыларға әділ қазылар жылы лебіздерін білдіріп, келе жатқан Астана күнімен құттықтап, мадақтамалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Кішкентай өнерпаздарымыздың қанаты талмай, биік шыңдарды бағындыра берсін!


Жарияланды: 11.07.202312:19

Автор: