Қала және ауыл мектеп оқушылары арасында, «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі»  ММ кубогына арналған, спорттық жартасқа өрмелеуден 2019 жылғы Арқалық қаласның чемпионаты өтті.

«Жас – Ұлан» БЖО спорт залында «Алатау» спорт отауының жетекшісі – М.К.  Сұлтанның өткізуімен қала және ауыл мектеп оқушылары арасында, «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі»ММ кубогына арналған, спорттық жартасқа өрмелеуден 2019 жылғы Арқалық қаласының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа қатысушылар дәрігер рұқсатнамасы  қойылған арыз, оқу орындарынан анықтама және спорттық киіммен келді. Жарыс төмендегідей 3 деңгейде өткізілді:

  1. 5-6 сыныптар 1 ер және 1 қыз баладан;
  2. 7-8 сыныптар 1 ер және 1 қыз баладан;
  3. 9-11 сыныптар 1 жасөспірім және 1 қыз баладан.

Жартасқа өрмелеуден ұйымдастырылған бұл жарысқа қала мектептерінен 7 оқу орны , жалпы 45 оқушы  қатысты.

Іс – шара қортындысы бойынша: І орынды – №4 жалпы орта білім беретін  мектеп, ІІ орынды – №10 жалпы орта білім беретін  мектеп, ІІІ орын –  №6 және №2 жалпы орта білім беретін  мектеп оқушылары белсене ат салысып, иеленді. Чемпионат өз мақсатына жетті.

 


Жарияланды: 23.05.201913:29

Автор: