Қалалық «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясы
2021 жылдың 13 қазан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы, соның ішінде «Жас Ұлан» балалар ұйымы штаб төрайымы Алдамжарова Ақбота Меңдешқызы мен «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебінің жетекшісі Файзуллина Ақмарал Нұрланқызының ұйымдастыруымен қалалық «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акиясы өтті.
Акцияны өткізудегі басты мақсат – көпбалалы және азқамтылған отбасыларға материалдық және әлеуметтік тұрғыдан көмек беру.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы ұжымына және мектеп тәлімгерлеріне акция туралы толық ақпарат беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар бойынша киім-кешектер, аяқ киімдер, оқу құралдары жинақталды.
«Жас Ұлан» еріктілер тобы қаламыздың орталығында орналасқан №12 жатақхана тұрғындарына қайырымдылық акциясынан жиналған киім-кешектер мен оқу құралдарды табыс етті.
Аталған акцияға қаламыздың жалпы білім беретін орта мектептерінің тәлімгерлері бастаған барлық ерікті оқушылары және «Жас Ұлан» орталығының ұжымы да белсене атсалысты.
№12 жатақхана тұрғындарының жүздеріндегі қуанышы, айтқан алғыстары мен берген баталары біздің көңілімізді марқайтып тастады. Әлі де осындай қайырымдылық акциялары өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
Баршаларыңызды қайырымды іс жасап, жақсылық жасауға шақырамыз!

Ұйымдастырушылар: «Жас Ұлан» штабының төрайымы Алдамжарова А.М, «Жалын» КШМ жетекшісі Файзуллина А.Н.