Қалалық штаб президентінің сайлауы өтті
“Жас Ұлан” БЖО-да “Жас Ұлан” балалар ұйымының ұйымдастыруымен қалалық штаб президентінің сайлауы өткізілді
Бүгін “Жас Ұлан” БЖО-да “Жас Ұлан” балалар ұйымының ұйымдастыруымен қалалық штаб президентінің сайлауы өткізілді. Сайлауға барлығы 5 үміткер өз бағдарламасын ұсынды.
1. Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Данбекұлы Дінмұхмбет
2. Кейкі батыр атындағы #4 мектептің оқушысы Турмагамбетова Арайлым
3. Б.Майлин атындағы #3 мектептің 8 сынып оқушысы Дүйсенбина Жұлдызай
4. Ш.Уалиханов атындағы #1 мектептің 8 сынып оқушысы Рақымжанқызы Нурикамал
5. А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Русланқызы Аяна
2024 жылғы сайлау Арқалық қаласының сайлау комиссиясының төрағасы А.Айтмағанбетов және оның қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Себебі оқушылар сайлау ережесі мен қағидаларын түсініп, білсін деген мақсатта жүргізілді. Алдын ала жиналыстар өткізіліп, сайлау 7 комиссия мүшелері сайланды. Сайлау барысында хатшы сайлаудың ашылуын жариялап хаттамаға толтырды. ҚР мемлекеттік гимні орындалып сайлау басталды, сонымен қатар, бақылаушылар мен БАҚ өкілдері арнайы рұқсат қағазбен кіргізілді. Сайлауға қала мектептерінің мектеп парламенті мүшелері аға тәлімгерлермен бірге келіп өз дауыстарын берді. Соңында сайлау комиссиялары жәшіктің пломбасын ашып барлық дауыстар есептелді. Нәтижесінде 20 дауыспен Кейкі батыр атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Турмагамбетова Арайлым қалалық штаб президенті болып сайланды. Сайлау қорытындысы хаттамаланып, барлық комиссия мүшелерінің қолы қойылды. Сайлауға ат салысып өз көмектерін берген Арқалық қаласының сайлау комиссиясының орынбасары Ж.К.Бирмганбетоваға және А.Н.Доскееваға алғысымызды білдіреміз.