Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихи облыстық мұражайына экскурсияға барды

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Арқалық қаласы білім бөлімінің “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының» «Жаз offline» 2 – ауысым лагерінің оқушылары «Астана күніне» орай Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихи облыстық мұражайына экскурсияға барды. Бұл саяхаттың мақсаты әр түрлі жастағы балаларға тарихи мәні бар жерлер туралы түсінік беріп, оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілеттерін, туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Сондай – ақ жасұрпақтың бойына ата – бабаларына деген құрметерін, туып өскен жерлерінің тарихымен танысу болды. Экскурсияда балалар рухани жәдігерлермен танысып, әртүрлі экспонаттармен, оның ішінде – минерология, палеонтология, археология, тұрмыс пен этнография, қол өнері мен зергерлік бұйымдар, сирек кітаптар, деректі құжаттар, фотоматериалдар коллекцияларын көріп және мұраға айналған дүниелермен танысты. Экскурсия соңында оқушылармен естелік суретке түсіп, мұражайға саяхат оқушыларға ұнағаны туралы кері байланыс орнаттық. Оқушы саны – 30.


Жарияланды: 04.07.202413:24

Автор: