Арқалық қаласының мешітімен бірлесіп өткізілген «Мәуліт» айының құрметіне және «Жас-Ұлан» біріншілігі аясындағы шаңғы эстафетасы
Қаңтар айының 25 -сі күні сағат 10:00 де Арқалық қаласы қосымша білім беру орталығының шаңғы базасында қала мектептерінің 8-9 сынып оқушылары арасында Арқалық қаласының мешітімен бірлесіп «Мәуліт» айының құрметіне және «Жас-Ұлан» біріншілігі аясындағы шаңғы эстафетасы өткізілді. Аталмыш жарысқа қала мектептері түгелдей ат салысып 80 нен астам оқушы қатысты. Шаңғы эстафетасының қорытындысы бойынша командалық есепте 1 орын Шоқан Уалиханов атындағы №1 орта мектеп, 2 орын №4 орта мектеп және 3 орынды Абай Құнанбаев атындағы №6 орта мектеп командалары иеленді.