Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының” әртістерімен қала мектеп оқушылары арасында кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 24- қазан күні “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының “Шабыт”театр үйірмесінің ұйымдастыруымен “Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының” әртістерімен қала мектеп оқушылары арасында кездесу өтті. Аталмыш іс-шарада театрдың ішкі атмосферасымен оқушылар танысып театр әртістерінің қойылымға дайындық барысын тамашалады.Кейіннен театр бойынша экскурсия жасалып, оқушылар театр әртістеріне сұрақ қойды. Театр әртістері кішкентай қонақтарына ән шырқап берді. Іс -шараның соңы естелік фото суретке түсумен аяқталды.
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do