“Арқалық -достық қаласы” этно- мәдени фестивалі

“Арқалық остық қаласы” этно- мәдени фестивалі

Өзбек әуендері, сыған билері, молдаван халқының кеңпейілділігі  қазақ халқының қолөнері, украин халқының қонақжайлылығы – осы және басқа да көптеген шығармашылық қырларын “Жас Ұлан” балалар-жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні мен Арқалық қаласының 65 жылдығына арналған “Арқалық- достық қаласы” этно- мәдени фестивалінде көрсетті.

Бұл іс-шара мамыр мерекесі аясында өткізілді. Тәрбиеленушілер арасынан 5 мәдени бірлестік өздерінің шығармашылық бағдарламасын ұсынды, олар ұлттық орталықтарға біріктіріліп, түрлі этностардың тарихы мен дәстүрлерін, олардың ұлттық киімдерін көрсетті, ұлттық тағамдарымен таныстырды. Біздің тәрбиеленушілеріміз фестивальге құлшыныспен қатысып, оның әсемдігі мен ерекшелігін бағалады. Кішкентай балалардың жүздеріндегі бақытты күлкілерді көргенде, ересектер де бақытты сезімдерге ие болды.

Біздің фестиваль “Арқалық- достық қаласы” ұранымен өтті, біз шын мәнінде достық қаласы, бір халықпыз! Сонымен бірге бірегейлік-біз өз тамырымызды ұмытпаймыз, тілімізді ұмытпаймыз. Қазірдің өзінде жоқ «сен кімсің? татар, өзбек, ұйғырсың  деген түсінік жоқ. Бір ғана сөз «Мен-Қазақстандықпын!».  Және бұл байлықтың ең үлкені- халықтың достығы.

Бұл фестиваль – түрлі ұлт халықтары арасындағы достық пен татулықтың, олардың салт-дәстүрлерін қастерлеудің үлгісі. Халық достығы фестивалінде жеңімпаздарды анықталған жоқ, этномәдени бірлестіктердің талантты өкілдері өздерінің шығармашылығын және жағымды эмоцияларын көрсетіп, шаттық сыйлады.


Жарияланды: 30.04.202115:30

Автор: