Арнайы құрылғымен төмен түсу кезеңі
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында 29.03.23 күні «Жас Ұлан» біріншілігі есебінде қала және ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында, арнайы құрылғымен төмен түсу кезеңі спорттық туризмнен жарыс өткізілді. Жарысқа ережеге сай әр командадан екі ойыншыдан 1ұл, 1 қыз бала жалпы 20 дан астам оқушы қатысты. Жарыс командалық және де жекелей біріншілігі түрінде өткізілді. Нәтижесінде, командалық жарыстан 1 орынды Ш.Уалиханов атындағы №1 мектеп, 2 орынды -М.Әуезов атындағы №5 мектеп, 3 орынды №10 орта мектебі иеленді. Ал, жекелей жарысында: Ұлдар арасынан Ш.Уалиханов атындағы №1 мектебінің оқушысы Аусабит Жасқыран 1 орын, М.Әуезов атындағы №5 мектебінің оқушысы Марқабай Еренбол 2-орын, №10 орта мектебінің оқушысы Вдовченко Артем 3-орын алса, қыздар арасында М.Әуезов атындағы №5 мектебінің оқушысы Ибрагимова Жанбота 1-орын, №10 орта мектебінің оқушысы Елжан Бану 2-орын, А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының оқушысы Серік Айым 3-орынға ие болды. Жеңімпаз командаларға және оқушыларға алдағы болатын сайыстарға сәттілік тілеймін!
Жарыс ұйымдастырушысы спорттық туризм жетекшісі Жусупов М.Ш.