«Астана күніне» орай қала және ауыл мектептерінің жанынан құрылған жазғы лагерь оқушылары арасында «Ой жүйрік» қалалық дойбы жарысы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Арқалық қаласы білім бөлімінің “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімлер орталығының» ұйымдастыруымен «Астана күніне» орай қала және ауыл мектептерінің жанынан құрылған жазғы лагерь оқушылары арасында «Ой жүйрік» қалалық дойбы жарысы болып өтті.

Жалпы жарыстың мақсаты :
– Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
– Мектеп жасындағы оқушылар арасында мықты командаларды анықтау:
– Қала оқушылары арасында спортты жоғары дәрежеге көтеру;
– Әр ойыншының жеңіске деген құлшынысын арттыру;

Жалпы жарысқа 11 қала және ауыл мектептерінен 20 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында:
1 орынды Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ жеңіп алды.
2 орынды №10 ЖББМ иеленді.
3 орынды Макаренко ЖББМ ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында:
1 орынды №5 ЖББМ жеңіп алды.
2 орынды №2 ЖББМ иеленді.
3 орынды Макаренко ЖББМ ие болды.
Барлық жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен марапатталды.


Жарияланды: 04.07.202410:18

Автор: