«Ауылым – алтын бесігім»
«Ауылым – алтын бесігім» жобасын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 25 маусымда «Жас – Ұлан» қалалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі спорттық – туристік «Эдельвейс» клубының педагогтері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен, Арқалық қаласының педагогтері мен жоғары сынып оқушылары үшін «Туған жер бойынша туристік көшпелі экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастыру» атты көшпелі семинар – практикум ұйымдастырды.
Бұл семинарда барлық қатысушылармен бірге жастардың, оқушылардың туған жерлеріне шығуын ұйымдастыруға бағытталған экспедицияның барлық кезінде білуі қажет техникалары, кезеңдері, әдістері, дағдылары пысықталды.
Семинардың нұсқаушысы ретінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Өңірлік дене шынықтыру және қосымша білім беру орталығы» КММ бөлімінің әдіскері Оразалин Олжас Қасымұлы шақырылды.