«Ауылым – алтын бесігім» аймақтық жастар форумы

2018 жылдың 26 қазанында «Жас-Ұлан» БЖО –да «Ауылым – алтын бесігім» аймақтық жастар форумы өтті. Аталмыш іс-шараға Арқалық қаласының колледждері мен мектептерінен 14 делегация қатысты.Тіркеуден кейін балалар 2 қабатқа көтеріліп, туристік мереке сезілетін кезеңге еніп кетті. Таңғы ас (ботқа) пен тәтті шаймен әлденіп алған соң, қатысушылар түрлі секцияларға бөлінді. Танымдық және қызықты мағлұмат

беретін ақпарларды игеруге балалар дайын тұрды. Атап айтар болсақ: «Спорттық туристік эстафета», онда балаларды қызықты спорттық сайыстар мен дәлдікті анықтайтын тексерулер күтіп тұрды, «Жартасқа

өрмелеушілердің тәжірибелік курсы» – бұл секцияда форумға келушілер өз күштерін 7 метрлік скалодромда сынап көруге мүмкіндігі бар, «Спорттық туризм бойынша тәжірибелік курсы» атты секцияда спорттық туризмнің техникалық элементі бойынша облыстық спорт туризмінің чемпиондары, «Жас-Ұлан»БЖО-ның

«Эдельвейс»туристік-спорттық отауының тәрбиеленушілері шеберлік сағатын көрсетеді, «Бүгінгі кездесу қандай тамаша!» атты секцияда гитара арқылы туристік әндер шырқалып, әуен көкке әуеледі. Делегация жетекшілері де назардан тыс қалған жоқ. Жетекшілерге «Ауылым-алтын бесігім» жобасы аясында құрылған, Қостанай облысы оңтүстік өңірі экскурсиялық бағытының таныстырылымы» атты секция жұмыс жасады.

Сағат 11:00-де аймақтық жастар форумының салтанатты бөлімі басталды. Оған қала әкімінің орынбасары Әубәкіров Түбекбай Ғабсалықұлы және Арқалық қаласы әкімдігінің бөлім басшылары, құрметті қонақтар

қатысты. Салтанатты кезеңді Түбекбай Ғабсалықұлы ашып берді,қала әкімінің орынбасары сөз кезегінде «Жас-Ұлан» БЖО-ның 30-жылдығымен және «Ауылым-алтын бесігім» жобасының жүзеге асуына 10-жыл толуымен құттықтап, бұл шаралардың маңызы зор екенін айтты. «Алтын күз – 2018» атты облыстық туристік слетте жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлаған спорт туризмінің құрамасы қала әкімінің қолынан ақшалай сыйлық пен алғыс хатқа ие болғандағы балалардың ерекше көзқарасына не жетсін!»Салтанатты бөлімде «Жас-Ұлан» ҚБЖҰ қоғамдық қорының президенті Цвентух Елена Семёновна сөз алып,жоба бойынша 10 жыл бойы атқарылған жемісті жұмыстар ретін және ең өзекті шешімін тапқан мәселелерді тілге

тиек етті. БЖО-дағы спорттық туризмнің дамуы жөнінде жоба үйлестірушісі, «Эдельвейс» туристік-спорттық отауының жетекшісі Оразалин Олжас Қасымұлы баяндады. Салтанатты бөлімнен кейін, барлық қатысушыларды түскі асқа арналған мерекелік дастархан күтіп тұрды, қатысушылар дастархан үстінде өткізілген іс-шарадағы алған әсерлерімен бөлісті. Әрі қарай «Ашық микрофон» жұмысы басталып, оқушылар мен жетекшілер өздерінің ойы мен пікірлерімен бөлісті. Болашақта біріге жұмыс жасау үшін өздерінің ұсыныстарын да қосты.

 


Жарияланды: 09.11.201807:53

Автор: