Аяулы анашым, мерекеңізбен!

“Аяулы анашым, мерекеңізбен!” видео байқауының ақпараты.  2023 жылдың 27.02-6.03 күндер аралығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Bloggers» клубының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектеп оқушылары арасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Аяулы анашым,мерекеңізбен!» атты видео байқауы өткізілді.  Байқаудың мақсаты: Оқушыларға өз эмоцияларын, сезімдерін анық көрсетуді қалыптастыру. Жарқын ұрпақ тәрбиелеу. Асыл аналарымызды және аяулы қыздарымызды құттықтау.  Байқау үздіктері I, II, III орындарды иеленді. Олар:  1-орынды №2 жалпы білім беретін мектебінің 3 «В» сыныбы иеленді 2-орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясы ие болды. 3-орынды Фурман жалпы білім беретін мектебінің «Жас Ұлан» ұйымы жеңіп алды.  Барлық қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды. Белсенді қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.  «Bloggers» клубының жетекшісі: Әмірғалиева Аяжан Шахмарденқызы.


Жарияланды: 31.03.202318:34

Автор: