Қазақстанның болашағы – Жас-Ұлан
Желтоқсан айының «Қазақстанның болашағы – Жас-Ұлан» атты мектеп оқушыларын жасұландықтар қатарына қабылдауға арналған іс-шара өтті. Іс-шарада барлық мектеп комитеттері мен тәлімгерлері бой көрсетті. Ұланбасы Шөптібай Арузаның бастауымен барабан қағылып, мектеп президенттері көрерменге атаулы іс-шараға дайындықтарын жариялап, Жас-Ұлан туы желбіреді. Салтанатты жиынымыз әдемі патриоттық флешмобтан басталды. Биыл Жас-Ұлан ұйымына 40 оқушы қабылданып соның, 21-і Жас қыран, 19-ы Жасұлан төсбелгісімен галстуктарына ие болды. Жас-Ұлан қатарына Арқалық қаласының А. Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖОББ мектебі, №2 ЖОББ мектебі, Б.Майлин атындағы №3 ЖОББ мектебі, Кейкі батыр атындағы №4 ЖОББ мектебі, М.Әуезов атындағы №5 ЖОББ мектебі, А.Құнанбаев атындағы №6 ЖОББ мектебі, №8 негізгі мектебі, №10 ЖОББ мектебі. А.Байтұрсынов атындағы гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, Родина ЖОББ мектебінен 2 оқушы жас қыран 2 оқушы жасұлан қатарына қабылданды. Бұл оқушылар сабақты жақсы оқып, өз белсенділіктерін үнемі танытып, Қазақстанның болашағын бағындырар жастар екеніне сенеміз. Себебі олар жаңа заман оқушылары жаңа идеяларға толы. Бұл оқушылар Қазақстан халқының тілін, тарихын, мәдениетін білу негізінде өз бойларында рухани-адамгершілікті қалыптастырады, танымдық жұмыстарға қатысады, азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттырады, жауапкершілік пен еңбексүйгіштігін қалыптастырып, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытып, тұлғалық қасиеттерін жетілдіреді. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты да соған сәйкес өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып саналады.