Қазан айының 15і күні «Жас Ұлан» БЖО АКТ залында «Маусымашар-2024» тақырыбында қалалық жайдарман ойындарының кубоктық ойындары
Қазан айының 15-і күні «Жас Ұлан» БЖО АКТ залында «Маусымашар-2024» тақырыбында қалалық жайдарман ойындарының кубоктық ойындары өтті.
Сайыс кезеңі:
1) Сәлемдесу
Ойынға қала мектептерінен барлығы 4 команда қатысты:
1) «Кейкі ұрпақтары» – Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
2) «Көңілді түлектер» – А.Байтұрсынов атындағы бастауыш мектеп-гимназия командасы.
3) «Пути-пути» – Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
4) «Тентектер» – «Жас Ұлан» БЖО командасы.
Әділ-қазылар алқасы:
1) Рахметова Арайлым – «Жас Ұлан» БЖО «Өлкетану» үйірме жетекшісі.
2) Игілік Мейрамбек – «Ұландар» АркПИ жайдарман командасының ойыншысы.
3) Жақсыбай Еламан – «Жас Ұлан» БЖО «Адал Ұрпақ» үйірме жетекшісі.
Ойын қорытындысы бойынша:
– «Үздік ойыншы» номинациясының иегері Тұрсынбек Бақдәулет – «Көңілді түлектер» А.Байтұрсынов атындағы бастауыш мектеп-гимназия командасының ойыншысы.
– 3 орын – «Кейкі ұрпақтары» Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
– 2 орын – «Пути-пути» Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің командасы.
– 1 орын (чемпион) – «Көңілді түлектер» А.Байтұрсынов атындағы бастауыш мектеп-гимназия командасы.
«Позитив» клубының жетекшісі: Ербосын Р.Н.