«Балдәурен» жазғы демалу лагерінің қорытындысы
Әр жыл сайын «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері жұмыс жасайды.
Басты мақсат – оқушылардың жазғы демалысын маңызды, қызықты етіп өткізу. Биыл да әдеттегідей лагерь оқушыларға өз есігін айқара ашты. «Балдәурен» лагерінің І ауысымында 90-нан аса бала қамтылды. Жұмыс кестесіне сай таңертеңгі сағат 9- да «Балдәурен» лагері өз жұмысын бастап, сағат 1-ге дейін жалғастырды. Биыл екі топ болды : «Балдырған» және «Алғырлар». Топтардың тәрбиеленушілері -қала және ауыл мектеп оқушылары. Топ тәлімгерлері мен тәрбиешілері- орталығымыздың ұстаздар қауымынан құрылған.
17 маусым күні «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты болды. Бұл күні екі топ анықталып, топ басшылары рапорт тапсырды. Ашылу салтанатына арналған концерт өтті. «Балдырған» және «Алғырлар» топтары құралып, топтық жұмыс өткізілді. Белсенділерді анықтауға арналған тренингтер өтті. «Жарқын жаз», «Спорт алаңы» және «Тәлімгерлермен бірге» бекеттері жұмыс жасады. Сондай – ақ, асфалтқа сурет салу байқауы да өткізілді. Одан әрі төмендегідей түрлі байқаулар, сайыстар, жарыстар, фестивалдер өткізілді:
- «Таңқалдыру» күні. «Балдаурен рекордтары» сайысы. Топтар арасындағы лагерь жарысы өте қызық деңгейде өтті. «Ең ұзын қол», «Ең қысқа қол», «Ең кіші табан», «ең үлкен табан», «Ең ұзын шаш», «Ең қысқа шаш» т.б. номинациялар бойынша топ мүшелері өз бақтарын сынады. Сондай – ақ, «Ең, ең….» деген басқа да номинациялар сарапқа салынды.
- «Денсаулық» күні. Топтар күндегіше өзара сайысқа түсіп, спорттық жаттығулар жасады. «Көңілді мәре» сайысына да барынша зор ынтамен ат салысты.
- «Сурет әлемі – сиқырлы әлем. «Жарқын жаз!» суретшілер байқауы. Лагерге келіп жүрген балалар тегіс қатысқан бұл байқауда жұмыстар көптеп түсті. Әр бала өздігінше биылғы жазды суреттеуге тырысқан. Жас ерекшелігі әр түрлі болса да балалар бір жүйеде бағаланды. Суретшілер байқауында «Үздік суретшілер» деп танылған «Балдырған» тобының мүшелері болды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарын иеленді.
- Би әлемі күні. . Бірінші кезең – ұлттық би, ал екінші кезең – заманауи би болды. Әр топ өз деңгейлерінде қатысты. Сахналық образдарды керемет сомдаған әртістер жоғары өнер көрсете білді. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша «Алғырлар» тобы жеңімпаз атанды.
- «Балдаурен дауысы». Жанды дауыста және жазбамен айтылған әндер мен әншілер өнері бағаланды. «Лагерь дауысы – 2019» байқауында бұрын көрінбеген әншілер өздерін өзгеше қырынан көрсетті.
- «Әртістік шеберлік» күні. Бұл күні топтар арасында пародия жарысы болды. «Әртіс болғым келеді» сайысында «Алғырлар» және «Балдырған» топтары өте жоғары дайындықта екендігін көрсетті.
- «Ертегілер әлемінде» сайысы өтті. Бұл сайыста екі топ екі кезең бойыншаөнерлерін көрсетті. Нақтырақ айтсам, ойдан ертегі құрастыру мен танымал бір ертегіні сахналап шығарды.
- «Дені саудың –жаны сау» Күнделікті жұмыс жасайтын үйірмелер мен қатар балалар дойбы, шашка, тоғызқұмалақ ойындарын ойнап жарысты.
- «Сәнқойлар күні». Бұл күні екі топтағы ару қыздарымыз түрлі авангардттық киім үлгісімен сән үлгісін көрсетті.
- «Балдәурен» аруы. Арулар да өздерінің сұлулығы мен ақылдығы жарасқан екенін дәлелдеп сайысқа түсті. Нәтижесінде «Алғырлар» тобындағы Байша Аружан Лагерь ханшайымы-2019 атағын жеңіп алды.
- «Мәдени демалыс» күні. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық дала өлкесі тарихи мұражайына саяхат жасадық.
- «Эссе шығармалар байқауы» . Ал, тілшілер байқауы өте әсерлі өтті. Балалар өздерінің жүрекжарды лебіздерін, тілектерін ақ қағаз бетіне түсіріп, көңілдегі ыстық сезімдерімен бөлісті.
- «Нұрлы қала –Нұр-Сұлтан» ел астанасының 21 жылдығына және 1 маусымның жабылуына орай лагерь қатысушылары арасындағы мерекелік концерт өтті.
Лагердің әр жұмыс кестесіне сай топтар таңғы жаттығудан соң, «Робототехника», «Би», «Кинозал», «Скаладром» үйірмелеріне барып, өз қызығушылықтары мен қабілетіне сай білімдерін жетілдіріп отырды. Бассейнге әр топ аптасына бір реттен тегін суға түсті. Әр апта сайын өткізілген байқаулардың қорытындысы шығарылып, командалық және жекелей марапат рәсімі өткізіліп отырылды.
«Біз балдырған, балдаймыз, Балдауренді таңдаймыз»,- деп ұрандатқан лагерь оқушылары барлық шараларға белсене ат салысып, жазғы демалыстың 1 ші маусымы орталықта осындай қарқында дамыды.
Екінші маусым танымдық, сауықтық бағытта өткізілгендіктен, спорттық бағыт бекітілді. Балалардың денсаулығын нығайту, сауықтыру мақсатында түрлі спорттық ойын, жарыстар мен жүзу жарыстары көптеп енгізілді. Құрылған жұмыс жоспары негізінде төмендегідей іс – шаралар атқарылды:
- «Жайдарман жүйріктері» күні. Жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-шараға барлық топтар өз КТА топтарын ұсынды. Сайыскерлердің көшбасшылық қабілеттерін сынау мақсатында бірнеше таласты сынақтар өткізілді. Нәтижесінде «Жайдарман жүйріктері» атағына «Балдырған» тобының әзілкештері лайықты деп танылды. Сәл ғана ұпаймен қалыс қалған «Алғырлар» тобы ІІ орынды иеленді.
- «Ұлттар достығы». Әр ұлттың дәстүрін көрсету сайысында топ мүшелері ерекше дайындалған. «Балдырған» тобы қазақ халқының «Тұсау кесер» салт-дәстүрін көрсетіп, «Қара жорға» биін биледі. Ал, «Алғырлар тобы» тобы испан халқының өнерін сарапқа салды. «Испан» биін нақышына келтіріп биледі. Сайыс нәтижесінде «Балдырған» тобы жеңімпаз атанды.
- «Клипмейкерлер» күні деп жарияланып, топтар арасында қызу сайыс өтті. Әр топ мүшелері әндерді сахналап, «Менің алғашқы ән баяным» деген байқауда бақ сынады.
- «Кино өнері» күні. «Менің сүйікті сериалым» кино әртістерінің байқауы өтті. Бұл күні балалар легерь өмірінде күнделікті ұйымдастырылған шаралар барысында үйренген өнерлерін ортаға салды. Концерт толығымен лагер балаларының өздерінің өнерлерінен құрылды. Сахнада өздерін нағыз эстрада жұлдызындай сезінген балаларға бұл шараның берері көп. Балалар осындай шаралар арқылы сахна мәдениетін үйренді. Өздеріне ұнаған кино мен сериалдарды нақышына келтіріп, сүйікті әртістерін сомдаған оқушылар өздерін ерекше қырынан танытты.
- «Көшбасшылар сайысы» . Топ басшыларының өнерін көрсету сайысында топтар өздерінің көшбасшыларын сайысқа шығарды. Өзін-өзі таныстыру, өз өнерін көрсету, лагердің бір күніне пародия жасау сынды кезеңдерден тұрған байқауға лагерь тәрбиеленушілері де ат салысты. Өз топ басшысына көмектесіп, бірлігі жарасқан ұжым екендіктерін танытты. Нәтижесінде «Балдырған» тобының топ басшысы Тілеуберген Толғанай «Лагерь көшбасшысы – 2019» атанды.
- «Алло, біз таланттыларды іздейміз!» «Алғырлар» және «Балдырған» топтарының мүшелері өнерлерін сарапқа салды. Ән айту, би билеу, күй шерту, шаш өру, дәмді тамақ пісіру, тоқыма тоқу, айтыс өнері т.б. көрсетті.
- «Екі жұлдыз» ән байқауы. Жанды дауыста өнер көрсеткен оқушылар мен ағай, апайларының өнерлері бағаланды. «Балдырған» тобынан шыққан оқуышылар жанды дауыста ерекше әндерді шырқап залда отырған көрермендерді таң қалдырды.
- «Биле,биле» бишілер күні. . Бірінші кезең – ұлттық би, ал екінші кезең – заманауи би болды. Әр топ өз деңгейлерінде қатысты. Сахналық образдарды керемет сомдаған әртістер жоғары өнер көрсете білді. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша «Алғырлар» тобы жеңімпаз атанды.
- «Қызықты демалыспен қоштасуға әзірлік күні.Екі маусым бойы еерекше өнерлерімен танылған балалардың өнері сараланып ертеңгі болатын қоштасу кешіне дайындық өткізілді.
- «Кездескенше, Балдаурен!» Лагердің салтанатты жабылу кеші. «Жас-Ұлан» БЖО – ның акт залында ұйымдастырылған шараға тәлімгерлер, тәрбиешілер, топ мүшелері белсене араласты. Лагердің жабылу салтанаты дәстүрлі түрден ерекше өткізілді. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ойын, ән – биге ұласты. Қорытынды бағдарлама соңында лагердің үздік деген белсенділері мадақтамалармен марапатталды.
Лагерь жұмысы алға қойған мақсат міндеттерін толығымен орындады. Балалар саны маусым сайын ұлғайып, қызығушылық танытқан ата-аналар саны көбейді. Бұл балалардың жазғы демалысын ойдағыдай ұйымдастырылған нәтиже деп білеміз.
Лагер жұмысы келесі жылы да өз жалғасын таппақ – күтеміз, келіңіздер!