«Балдаурен» лагері өз достарын құшақ жая қарсы алады!
Жыл сайын «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жасап келеді. Биыл да осы «Балдаурен» лагері өз достарын құшақ жая қарсы алды! Балдәурен» лагерінің І маусымының ашылу салтанаты 17. 06.2019 ж. өткізілді.
Лагерь аты: «Балдәурен»!
Лагерь ұраны:
Біз балдырған балдаймыз!
Балдәуренді таңдаймыз!
Бұл лагерге екі топ қабылданды: І топ – «Алғырлар»,
ІІ топ – «Балдырған» , барлығы екі топта 55 бала.
Алғашқы күннен бастап лагер балалары қауіпсіздік шараларына қол қойып, өз міндеттері және өткізілетін іс – шара, ойындармен танысты.
Жұмыс кестесі төмендегідей құрылды:
09:00 – 09:25 Топтарды түгендеу
09: 30 – 09: 45 Сергіту жаттығулары
09: 50 – 10:00 Линейка
10:00 – 11:15 Топтық ойындар
11:20 – 12:30 Лагерь жарысы
12:40 – 12:55 Құмсағат /күнді қорытындылау/
13:00 – Балаларды тарату
13:30 – 14:30 Бассейн /кесте бойынша/
Күн тәртібі және лагер жоспары бойынша күнделікті түрлі іс – шаралар өткізілуде, мысалы –спорттық жарыстар, «Эссе шығармалар байқауы», «Лагерь ханшайымы – 2019», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайына саяхат жасау, «Балдәурен аруы» күні, «Дені саудың – жаны сау» күні,
«Ерте ерте ертеде» ертегі қойылымдар байқауы, «Әртіс болғым келеді» пародия сайысы, «Лагерь дауысы -2019», Әншілер сайысы, «Биле биле» бишілер байқауы және т.б .
Алдағы лагердегі демалыс уақыты қызықты өткізіледі деген сенімдеміз! «Балдәурен» әрқашан сіздермен бірге! Екі маусым бойы түрлі спорттық ойындар мен мерекелік шаралар болады. Сол сайыстарда тек сәттілік тілейміз.

















Миндал жүйесіне балаларды тіркеу бойынша нұсқаулық












