«Беслан» жаңғырығы… қайғылы оқиғаның 15 жылдығына арналған акция өткізілді
2019 жылдың 10 – 11 қазанында «Естелік тырналары» атты қалалық терроризмге қарсылық акциясы шеңберінде «Жас – Ұлан» БЖО – да «Беслан» жаңғырығы… тақырыбында қайғылы оқиғаның 15 жылдығына арналған және жалпы террооизмнің алдын алу мақсатындағы екі күндік акция өткізілді.
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің бейбіт өмір құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеуге және бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған Террористік актілерде қаза тапқандарды мәңгі есте сақтауға ықпал ету. Акцияға барлық қала мектептерінің 8 – 10 сынып оқушылары , әр мектептен бір оқытушыдан және арнайы қонақ қатысты.
Оқушыларға арналған төмендегідей іс – шаралар өткізілді:
«Алатау» шыңға өрмелеу бойынша спорт клубының ұйымдастыруымен – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау ретінде спорт түрін үйретті.
«Жануарлар бұрышы» клубы – «Тырна қанаттары» түрлі – түсті қағаздан тырна подделкасын оқушыларға жасатты.
«Өсімдіктану» отауы – «Өз ағашынды екте, оны күтіп, баптап сақта!» экологиялық акциясын өткізді.
«Феникс» балалар керамикалық шеберханасы – «Крылья Беслана» балшықтан көгершін, құстар жасатты.
«Жас қалам» журналистика клубы – Эссе «Біз терроризмге қарсымыз», жылы лебіздер газетін толтырды.
«Робототехника» клубы – Лего конструкторлардан «Тырна қанаты» подделкаларын жасатты.
Екі күндік жоспарлы программалық тапсырмаларды барлық мектеп оқушылары өте күшті белсенділік ынтамен және қызығушылықпен орындап шықты.
Акциямыздың екінші күні барлық қатысушыларды акт.залға жинап, арнайы шақырылған қонағымыз «Нұр – Отан» партиясы Арқалық филиалының кеңесшісі – Рахметов Жандос Ерғазыұлына сөз беріліп, ол кісі тақырып бойынша және жалпы терроризм жайлы толық мәлімет беріп шықты, оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.
Соңында бейне фильм көрсетіліп, Беслан апатының барлық құрбандарын еске алу үшін – бір минут үнсіздік жарияланып, Бесланда лаңкестердің қолынан қаза тапқан жазықсыз балалардың мәңгілік өмірін бейнелейтін болсын деген мақсатпен естелікке кішкентай шамдар жағылды.
Қатысқан барлық мектеп акцияға белсене қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Тыныш, жарқын, нұрлы әлем – әлемдегі басты сөз! Баршамызға, барша елге мейірімділік, денсаулық және бейбітшілік! Өшпенділік , ашу , ызасыз, соғыссыз, бір – бірімізді әрқашан тындап, бағалап, қадірлеуді үйренуіміз керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тек жақсылық, қуаныштар болсын!!!