«Биле , Биле!» атты қалалық топтық би жарысы өткізілді.
«Қазақстан – мейірімділік мекені» жобасы аясында «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас – Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Биле, Биле!» атты қалалық топтық би жарысы қаңтар айының 25-і күні болып өткен болатын. Би жарысына қала және ауыл мектептерінің 8-9-10-сынып оқушыларынан құралған 15 команда қатысты. Байқауға қатысуға, №1 Ш. Уәлиханов мектебінен «Әдемі» би тобы, №2 ЖОББ мектебінен «Созвездие» би тобы, №4 Кейкі батыр мектебінен «Болашақ» би тобы, №5 М. Әуезов мектебінен «Грация» би тобы, №6 А. Құнанбаев мектебінен «Наз» би тобы, №8 ЖОББ негізгі мектебінен «Ерке қыз» би тобы, №10 ЖОББ мектебінен «Let’s go» би тобы, Ы. Алтынсарин атындағы гимназиядан «Жұлдыз-Ай» би тобы, Родина ЖОББ мектебінен «Queen» би тобы, Аңғар ауылдық мектебінен «Наз» би тобы, Восточный ауылдық мектебінен «Нұр-Ай» би тобы, Қайыңды ауылдық мектебінен «Балдаурен» би тобы, Көктау ауылдық мектебінен «Арулар» би тобы, Макаренко мектебінен «Sunshain» би тобы, Екідін ауылындағы Б.Майлин мектебінен «Тұмар» би тобы өтініш білдірген еді. Әр команда да үлкен дайындықпен келген екен. Жалпы бұл байқауды ұйымдастырудағы басты себеп – бүгінгі мектеп оқушыларының би билеуге, би өнеріне деген ынта-ықыласы мен құштарлығы болатын.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең: «Қазақ биі» – бұл кезеңде қатысушыларымыз қазақ халқының кез келген ұлттық биін таңдап, нақышына келтіре орындап шығуы керек болса, 2-кезеңде, қатысушыларымызға «Еркін тақырып» берілді, яғни сайыскерлеріміз өздері қалаған би түрін орындап шықты. Ал 3-кезең, «Пародия» деп аталды. Аты айтып тұрғандай бұл кезеңде қасысушыларымыз өздері ұнатып, билеріне сүйіспеншілікпен қарайтын топқа пародия жасады. Сайыс қатысушыларының өнері төмендегі критерийлер бойынша бағаланды:
– қатысушылардың өздері таңдап алған би түрінің материалдарын игеруі;
– билейтін билеріне сай киім үлгілерінің сәйкес келуі;
– топ мүшелерінің бір-бірімен үйлесімде болуы.
«Арман» би ансамблінің жетекшісі – Жусупов Ерсін, «Натараджа» үнді классикалық би ансамблінің жетекшісі – Осипова Айгерім, «Натараджа» үнді классикалық би ансамблінің алғашқы түлегі, Гран При иегері – Досымова Гүлім сынды қаламыздағы жоғарғы санаттағы биші-хореографтарымыз қазылық етіп, сайыскерлеріміздің өнеріне өз бағаларын берді.
3 сағатқа созылған тартысты би байқауының қорытынды нәтижесінде:
Гран При – Ы. Алтынсарин атындағы гимназия ( «Жұлдыз-Ай» би тобы), І орын – №5 М. Әуезов мектебі («Грация» би тобы), ІІ орын – №1 Ш. Уәлиханов мектебі ( «Әдемі» би тобы), Восточный ауылдық мектебі («Нұр-Ай» би тобы), ІІІ орын – №2 ЖОББ мектебі («Созвездие» би тобы), №4 Кейкі батыр мектебі («Болашақ» би тобы), №6 А. Құнанбаев мектебі («Наз» би тобы) иеленсе, «Көрермен көзайымы» номинациясын – Екідін ауылының намысын қорғап келген «Тұмар» би тобы, «Креативті ұжым» номинациясын – №8 ЖОББ негізгі мектебінің «Ерке қыз» би тобы, «Үздік пародия» номинациясын – Аңғар ауылдық мектебінің «Наз» би тобы алды. Сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және «Биші қыз» атты естелік статуеткалармен марапатталды.
Жарыс өз мақсатына жетіп, қызықты өтті.