Биылғы қалалық ұстаздар мерекесі жоғары деңгейде аталып өтілді.
Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы деген сөз тегіннен – тегін айтылмаса керек. Ата – анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлының тамыз кеңесіндегі ұстаз мәртебесін көтеру жайындағы үндеуі де бүгінгі таңда оларға үлкен қолдау болды.
Қала әкімі Әбішов Қайрат Тынымбайұлы ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, төл мерекелерімен құттықтады. Күмбірлеген күй де, әуелеген ән де осы кеште сол кісілердің құрметіне арналды.
Бақытжан Байқадамов атындағы музыка мектебінің ұстаздары Құрманғазының күйі «Қызыл қайын серперді» Абенов Боранбай Қазбекұлының жетекшілігімен ұстаздарға тарту етті. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің әдіскері Жұмағмбетова Айнұр Қайроллақызы Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан пролог оқып, көпшілікті тәнті етті.
Сондай – ақ осы кеште «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік» мекемесінің басшысы Мәметеков Есламбек Жеңісұлы, Б. Майлин атындағы №3 орта мектеп директоры Қабылдин Ербол Жаңбыршыұлы бастаған қаламыздағы білім ошақтарының барша басшылары мен ұстаздары өз өнерлерін ортаға салды.