«БІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ»

«БІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ»

20 ақпанда «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Фемида» дебат клубының ұйымдастыруымен «БІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ» атты қалалық және ауылдық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге 10 фракция тіркеліп, № 1, №4, №6, №8, №10, Фурманов жалпы орта білім беретін мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін гимназия қатысты. Ойын барысында ұтқыр ойлар, ауқымды идеялар айтылды. Қаламыздың чемпионы атану деген мақсат турнир қатысушыларына ерекше мотивация берді. Екі айналымнан кейін 4 фракция үздік атанып финалдық ойынға жолдама алды. Олар: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін гимназиясының екі бірдей топтары «Калита» және «Сойқан», Кейкі батыр атындағы жалпы орта білім беретін №4 мектебі «Айсберг», Фурманов жалпы орта білім беретін мектебі «Дарын». Финал ойыны өте жоғары деңгейде өтті.

Фракциялар финалға лайық екенін ғана көрсетіп қоймай, бар күштерін ортаға салды. Турнир нәтижесі бойынша 3 жүлделі орын «Калита», 2 жүлделі орын «Айсберг», ал «Сойқан»  фракциясы турнир үздігі атанды. Турнирдің «Үздік спикері» атағына Фурманов жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Ахметова Жанерке ие болды. Турнирдің «Үздік төрешісі» «Ақиқат» дебат клубының координаторы, қаламыздың үздік спикерлерінің бірі Тасқынбай Ерболат атанды.


Жарияланды: 28.02.202014:00

Автор: