«Біз ХХІ ғасыр жастарымыз» атты қалалық дебат турнирі

Осындай атаумен «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Дарын»  дебат  клубының  жетекшісі  – Ақбота  Кәдірбектің ұйымдастыруымен жастар жылына байланысты оқушылар арасындағы қалалық пікірсайыс турнирі өткізілді. Қалалық турнирге барлық қала мектептерін қосқанда 8 білім беру ошақтарынан 18  пікірсайысшы қатысты. Толығырақ тоқталар болсақ: Ш.Уәлиханов атындағы №1мектебі, №10 орта мектебі, М.Әуезов атындағы №5 мектеп, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясы, Родина орта мектебі, №8 негізгі мектебі, №4 мектеп және оларды жетекшілері жоғары дайындықпен әкелді. Пікірсайысшыларға орталығымыздың педагогтары «Домбыра-Дастан» отауының жетекшісі Жүзбай Шынболат және «Ботақан» балалар телестудиясының жетекшісі Демесінова Сымбат әділ қазылық жасады. Турниріміз 3 кезеңнен тұрды. Пікірсайысшылар барлық бөлімдерге белсенділікпен ат салысты.

Турниріміздің  үш кезеңде тартысты өтті деуге толық негіз бар. Сондықтанда кеш соңында бір шешімге келу әділ қазы алқаларына оңайға соққан жоқ. Себебі қатысушылардың көптігімен қатар, барлығының да дайындықтары бірінен-бірі асып тұрды. Дегенменде жарыс болған жерде ең мықтыны анықтау керектігі белгілі. Сонымен қорытындылай келе барлық үш кезең бойынша дараланып үздік шыққан Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясынан келген «Фракция»,  №1 Ш.Уәлиханов атындағы мектебінің оқушылары 2 орын тұғырынан көрінсе, М.Әуезов атындағы №5 мектеп жүлделі 3 орынды місе тұтты. Сондай-ақ жоғарыда аталған үш кезең бойынша да оқушыларымыз номинация иегерлері атанды. «Ең үздік спикер» атағына Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясынан  Омар Нұрәлем  марапатталды.  Дебат өз мақсатына жете алды.

 


Жарияланды: 30.05.201912:41

Автор: