«Біз, жасқырандықтар, ертеңгі ел болашағы!»
19-қазан күні қала және ауыл мектептерінің Балалар қоғамдық бірлестіктері арасында қалалық «Біз, жасқырандықтар, ертеңгі ел болашағы!» атты фестиваль болып өтті. Фестивальге қала /ауыл мектептерінен 11 команда қатысты. Атап айтсақ, Ш.Уәлиханов атындағы №1 мектеп, Б.Майлин атындағы №3 мектеп, Кейкі батыр атындағы №4 мектеп, А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп, №8 негізгі мектебі, №10 орта жалпы білім беретін мектебі, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия, Ақбұлақ негізгі мектебі, Т.Әубәкіров атындағы орта жалпы білім беретін мектебі, Восточный жалпы білім беретін мектебі, Родина жалпы орта білім беретін мектептері қатысты.
Фестивальдің ашылу салтанатында 28-қыркүйек Қостанай қаласында өткен облыстық «ІІІ мыңжылдық көшбасшы» сайысының жүлделі І орын иегерлері Махметжанова Анеля мен Нуриева Инабат өз өнерлерін ортаға салып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушылар 1-кезең бойынша, өз ұйымдарының визит картасын қорғады, 2-кезеңде, «Жас -Ұлан» ұйымы мүшелерінің дайындаған қиын да ойланарлық сұрақтарына жауап берді.
Әділқазылардың шешімі бойынша фестиваль қорытындысы осылай болды:
І орын – Т.Әубәкіров атындағы орта жалпы білім беретін мектебі,
ІІ орын – А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия,
ІІІ орын – Кейкі батыр атындағы №4 мектеп,
«Ең үздік таныстырылым» номинациясын – А.Құнанбаев атындағы №6 мектебі,
«Көреремен көзайымы» номинациясын – Восточный жалпы білім беретін мектебі иеленді.
Қалған мектептеріміз «Белсенді қатысқаны үшін» деген мақтау қағаздарымен марапатталды.