«Бізбен бірге көңілдә» атты тренинг-ойын
17.06.2020 жылы «Жас-Ұлан» еріктілер тобымен «Бізбен бірге көңілді!» атты тренинг-ойын өтті.
Тренинг-ойынның мақсаты: еріктілердің бос уақытын көңілді өткізу арқылы олардың көңіл күйлерін көтеріп, бір-бірлеріне деген қарым-қатынасын нығайту.
Тренинг-ойында «Мені түйсігіңмен сезін!» ойынын ойнап, сурет салды және де бірнеше әуен ырғағымен билеп, бір сергіп алды.