«БІЗ БІРГЕМІЗ!» қайырымдылық акциясы
2022 жылғы 7 қараша мен 15 қараша аралығында қалалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын жүргізді.Қала мен ауыл мектептері ат салысты. Мұқтаж жандарға азық-түліктер, киім кешектер мен аяқ киімдер, ойыншықтар және т.б. берілген еді. Көмек көрсетілген отбасылардың бірі – Арқалық қаласы, Жангелді көшесінде көпбалалы отбасы. Балаларға азық – түліктер, тәттілер, киім кешектер таратып, көңілдерін көтерді. Кейін отбасы өзінің алғысын айтып, шығарып салған еді.
Акция негізінде ұйым № 12 жатақханада тұратын балалармен танысып, қызықты «Контакт», «Саңырау телефон», «Қолтырауын» ойындарын ойнатты. Балаларға ойынға қатысқаны үшін, тәтті кәмпиттер, көрнекілік құрал – жабдықтар мен оқу құралдары таратылды.