«Ботақан» балалар телевизиялық студиясы
«Ботақан» балалар телестудиясы 3-10 сынып оқушыларын тележүргізушілікке, жас репортерлер мен сценаристер, операторлар дайындау, балаларға кәсіби бағдар беру мақсатында жұмыс жүргізеді. Жылдың басында тележүргізушілікке талпынған оқушылар арасында кастинг жарияланып, шығармашылыққа бейім оқушылар іріктеліп алынды.
«Ботақан» балалар телебағдарламасы қазіргі таңда аптасына 2 рет «Арқа дидары» қалалық телеарнасынан жарық көреді. Сәрсенбі, сенбі күндері кішкентай тележүргізушілер мен хабар кейіпкерлері көрермендермен қауышады
«Өнерлі өрен» айдары – мектеп, балабақша немесе шағын орталықтарда тәрбиеленіп жүрген талантты балдырғандар жетерлік. Олардың ішінде республикалық, облыстық, қалалық деңгейлердегі байқауларда топ жарып жүрген оқушыларды іріктеп, студиямызға қонаққа шақырып, арнайы сұхбат құрамыз. Хабар барысында келген қонақ өз өнерін көрсетеді. Бұл айдар бүлдіршіннің алдағы уақытта жетістікке жетуіне одан әрі ықпал етері сөзсіз.
«Балалар жаңалықтары»айдары –қала көлемінде жетістігі бар озат оқушылардың марапаты, түрлі жаңалықтар немесе т.б. жөнінде көрерменге ақпарат береді. Жаңалықтардың жүргізушілері өздері мәтін құрап, шығармашылық тұрғыда үнемі ізденісте болуы шарт. Сондай-ақ, мереке күндері арнайы шығарылым жарық көреді.
Балалар студиясы қала және ауыл мектеп оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста. Оқушылар бейнероликтер, үздік жұмыстарын жолдап отырады.