Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында түрлі шаралар мен жұмыстар атқарылуда. Солардың бірден – бір дәлелі оқушыларға арналған ақпараттық танымдық «Жас – Ұлан» журналы. Журналымыздың жарық көргеніне 1 жылдан астам уақыт болды.
Жаңалықтар
Әр жыл сайын «Жас – Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының 21-жылдығына орай «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері демалушылары мен тәрбиешілері мерекелік концерт ұйымдастырды.
Жыл сайын «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жасап келеді.
«Жылдың Халық сүйіктісі» Қазақстан ұлттық сыйлығының аясында өткен «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығы табыс етілді! Осы іс-шараны өткізудің бастамашысы «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры болды. Сыйлықтың негізгі міндеті – Қазақстанның ең үздік және талантымен танылған танымал балалары мен еңбегімен көзге түскен балалар ұйымдарының жеткен жетістіктері, сондай-ақ оларды тану мен көтермелеуді жүзеге асыру.