«Жас-Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығында «Ботақан» телестудиясы бүгінде тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді. Қалалық «Арқа дидары» телеарнасынан берілетін телехабар түрлі айдарларды қамтыған. Хабардың тарихына тоқталсақ, «Ботақан» балалар хабарының ең алғаш рет 2013 жылы тұсауы кесілді. Хабардың ең алғашқы қонағы Қажкен Тимур барша көрерменді өзінің керемет биімен таң қалдырған болатын. Ал алғашқы санының жүргізушісі Кәмел Айдана.
Жаңалықтар
«Жастар» кіші спартакиадасының жоспарына сәйкес 1-4 сынып қыз балалар арасында қарашаның 24 күні «Жас-Ұлан» БЖО МКҚК спорт залында командалық «Пионербол» жарысы өткізілді. Жарысқа жауапты спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы педагог – Абдрахманов Даурен Абдыхалықұлы.
«Жастар» кіші спартакиадасының жоспарына сәйкес 1-4 сынып ер балалар арасында қарашаның 23 күні
«Жас-Ұлан» БЖО МКҚК спорт залында командалық «Пионербол» жарысы өткізілді. Жарысқа жауапты спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы педагог – Абдрахманов Даурен Абдыхалықұлы. Жарысқа қала мектептері түгелдей атсалысып жарыстың тартысты өтуіне үлес қосты.
Осындай атаумен «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас қалам» жас журналистер отауының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған оқушылар арасындағы қалалық жыр мүшәйра өтті. Тәуелсіздік қандай киелі сөз.