«Children against coronavirus» тақырыбында қала және ауыл оқушылары арасындағы плакаттар байқауы
1. Конкурстық жұмыс плакатқа салынған сурет түрінде жасалуы керек және коронавирустың алдын алу және оның Қ.Р әлеуметтік-экономикалық салаларына кері әсерін көрсететін шаралардың маңыздылығын, сонымен қатар бұл тақырыптың біздің елдің әрбір азаматы үшін өзектілігін көрсету керек.
2. Суреттер кез-келген көркем материалдарды қолданып қолмен салынады. Конкурстық жұмыста дайын фотосуреттерді, мәтіндерді, дайын фондарды және т.б. үшінші тұлғалардың авторлық құқығын бұзбау керек.
Плакат өлшемі A2.
3. Жұмыс мазмұнында адамның қадір-қасиетін немесе іскерлік беделін түсіретін балағат сөздер мен қорлаудың басқа түрлерін пайдалануға тыйым салынады.
Конкурстық жұмыстарды бағалау кезінде келесі критерийлер қолданылады:
1 -конкурс тақырыбына сәйкестік;
2 – мазмұнның ашылуының негізі және тереңдігі;
3-жарнаманың, әлеуметтік әдістер мен технологиялардың сауаттылығы мен тиімділігі;
4 – әлеуметтік маңызы;
5 -шығармашылық (идеяның жаңалығы, өзіндік ерекшелігі);
6 – шығармашылық шешімдердің сапасы, кәсібилігі және техникасы;
7 – берілген тақырып бойынша өзінің позициясының көрінісі;
8 – суреттің эстетикалық (көркемдік) артықшылықтары.
Жұмыстар қазылар алқасының бағалауы үшін және барлық ұсынылған жұмыстардың көрмесі үшін «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығына жеткізілуі керек. Галерея көрмесі 29.01.2021 жылы бізде қойылатын болады!!!
Жұмыстар жеке де, ұжымдық та қабылданады.
• автордың (авторлардың) тегі, аты;
• туған күні;
• жұмысты орындау күні;
• жұмыс атауы;
Мұнда тек 14 пен 17 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Жұмыстарды қабылдау уақыттары: 18.01.21 – 28.01.2021 ж аралығында.
Ұйымдастырушы «Денсаулық айнасы» клубының жетекшісі: Сүйінбекова Г.Т.