Дала кезіп жүрген жануарларды қорғау бойынша қалалық іс-шара

Дала кезіп жүрген жануарларды қорғау бойынша қалалық іс-шара

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Арқалық қаласы білім бөлімінің «Жас Ұлан» БЖО” КМҚК-да дала кезіп жүрген жануарларды қорғау бойынша қалалық іс-шара өткізді. Оған қала мектептерінің мектеп жанындағы лагерьлерінің балалары тәлімгерлерімен және жазғы демалысты ұйымдастырушылар келіп, белсенді қатысқан еді.
Аталмыш, іс-шараға Арқалық қаласының зообелсенділері шақырылып, жануарларды қорғау бағдарламасын дайындалды. «Қала көшелерінде қаңғыбас жануарлар қайдан келеді?», «Қаңғыбас жануарлармен қалай қарым-қатынас жасау керек?» деген сұрақтар талқыланып, жануарлар туралы викториналар және т.б. ой бөлісті.
Жануарлар туралы ғылыми фактілер келтіріле отырып, өмірде жануарлардың тіршілігі туралы әңгімелер айтылған да еді. Жануарлардың мінез-құлықтары бойынша жадынамалар таратылды, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ белсенділер өздерінің зооволонтерлік жұмыстары туралы айтты.
Айта кетейік, балалар ересектермен бірге пікірталасқа белсенді қатысып, өздерінің үй жануарлары туралы да әңгіме өрбітті.
Іс-шара соңында «Жас Ұлан» БЖО директорының орынбасары И.И. Роговой ең белсенді балаларды сыйлықтармен марапаттады.
Жануарларға деген адамгершілік пен мейірімділік қатынасты тәрбиелеу жөніндегі мұндай іс-шаралар біздің балаларымыз бен ересектерімізге қажет, өйткені өскелең ұрпаққа деген көзқарас арқылы қоғамға, жалпы табиғатқа өмірлік ұстаным қалыптасады.
#көңілдіжаз2024
#летнийотдыхдетей
#қосымшабілімберу
#летовдопобразовании2024, #жаз_қосымшабілімберу2024, #Zhazqosymshabilim2024
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do


Жарияланды: 24.06.202413:36

Автор: