«Дартс» сайысы
«Үміт-Надежда» спорттық сауықтыру бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Дартс» сайысынан 16 қараша күні «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық қалалық арнайы мектебінде» спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа 23 оқушы қатысты.
Қортынды бойынша қыз балалар арасында 3 орынға 26 ұпаймен – Зылева Қызғалдақ ие болса, ал 2 орынды 34 ұпаймен – Варзарь Аурика ие болды. 1 ұпай басымдылығымен – Воронина Александра жарыс жеңімпазы атанды. Ер балалар арасында 31 ұпаймен – Визиту Кирилл 3 орынға ие болса,1 ұпай басымдылықпен Әлтай Серік – 2 орынға ие болды. Абильтаев Адиль мергендік танытып 35 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанды.
Сайыс өз мақсатына жетті.