«Феникс» керамикалық шеберхана

Қаламыздағы ақ, қызыл алуан түсті көптеген саздың болуы және ермек сазбен жұмыс жасау балалардың ең сүйікті ісі екенін ескере келе, «Феникс» балалар керамикалық шеберханасын құру идеясы пайда болды. Шеберханадағы жұмыс барысында тәрбиеленушілер көркем керамика дәстүрінде гончар шеберлігін және мүсіндеу негіздерін үйренеді. Әр жасалған жұмыста жас шебердің көркем даралығын ашады және керемет кішкентай дүние пайда болады. Ыңғайлы психологиялық орта, қызығушылық атмосферасы, шеберхана жетекшісі мен тәрбиеленушілерді жаңа шығармашылық шешім шығаруға шабыттандырады. Керамикалық шеберхана барлық қажетті құралдармен жабдықталған: муфельдік пеш және керамикалық бұйымдарды күйдіруге арналған пеш, сондай – ақ қыш ыдыс (гончар)дөңгелегі. Шығын материалдары – балшық өз еркімізбен өндіріледі, балшықтың 5-тен астам түрі бар, балалар жетекшімен бірге саз балшықты өздерін жуып, араластырады, сүзеді және сабаққа дайындайды.
Шеберханатәрбиеленушілері аймақтық, республикалық және халықаралық байқауларға белсене қатысады. Оның сыртында қалалық байқау -көрмелер, мерекелер, шеберлік сыныптары және басқа да іс-шаралар өткізеді.