«Домбыра-дала киесі» атты қала мектеп оқушылары арасында күй жарысы өткізілді.

📌«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының “Домбыра -дастан” үйірмесінің ұйымдастыруымен «Домбыра-дала киесі» атты қала мектеп оқушылары арасында күй жарысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Іс-шара ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттай отырып, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ байқау арқылы жас таланттар мен шебер орындаушылардың өнерін таныту мақсаты да көзделген.
Жарысқа 13-15жас аралағындағы оқушылар қатысты.
Қала мектептерінен жалпы саны 6 мектеп іс-шараға ат салысты.
Арнайы қазылар алқасы тағайындалып, жүлделі I, II, III орындар берілді.
Жалпы қорытынды бойынша:
🥇орынды-№ 10 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сырымұлы Мағжан иеленсе
🥈орынды- № 8 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сабыржан Гүлжан иеленді
🥈орынды- Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нағашыбай Ақерке ие болды.
🥉орынды- Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Амантай Аруна иеленді
🥉орынды- №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Бәкібек Тәңірберген ие болды.
🥉орынды- Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Ақтатыған Әділ иеленді.
📜Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар мадақтамалармен марапатталды. Белсене ат салысқаны үшін қала мектептеріне алғыс білдіреміз.
Жүлделеріңіз құтты болсын жеңімпаздар.👏🏻👏🏻👏🏻
Жарысты ұйымдастырушы: “Домбыра-дастан” үйірмесінің жетекшісі Дүйсен Ш.М.
#біртұтастәрбие
#Kostbilim
@oqu_agartu_ministri
@gani.beisembayev
@kost_bilim
@rumcdo_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@rcfk_i_do


Жарияланды: 03.05.202507:52

Автор: