ДЮЦ «Жас-Улан» объявляет заочный конкурс «Ауылым – алтын бесігім».

 

Шығ:           2020ж.

«Ауылым-алтын бесігім» сырттай интернет байқауын өткізуге арналған  әдістемелік нұсқаулық.

  1. ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1  « Жас -Ұлан» БЖО МКҚК мекемесінің іс-шаралар жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 20сәуірімен -20 шы  мамыр аралығында  «Ауылым-алтын бесігім» атты қала мектеп оқушылары арасында сырттай байқауы өткізіледі.

  1. Мақсаты мен міндеттері: Қостанай облысының оңтүстік аймағының тарихи тұлғалары,сәулет,мәдени, табиғи ескерткіштер туралы (бұдан әрі ОБЪЕКТ) ақпараттық базаны жинау және толықтыру,өлкетанулық МЕДИА Қостанай облысының оңтүстік өңірі және Қарағанды облысының Ұлытау ауданының шекаралас аумақтары туралы толықтырылған кітаптар құру.

Міндеттер:

  • Қостанай облысының оңтүстік аймағының және Қарағанды облысы Ұлытау ауданының шекаралас аудандарының тарихы мен табиғаты обьектілеріне өлкетану қызығушылығын кеңінен насихаттау;
  • Мүмкіндігінше көп адамдармен бірлескен авторлыққа,болашақ кітапты шығаруға қатысу;
  • Өлкенің тарихы мен табиғаты туралы құнды ақпаратты (аңыздар,әңгімелер,тарихи фактілер,фотолар және т.б) іздеу:

 

3.Байқауды ұйымдастырушы:

«Жас -Ұлан» БЖО МКҚК

 

  1. Байқауға қатысушылар:

Қала және ауыл мектептерінің  оқушылары мен педагогтары.

5.Байқауды өткізу мерзімі:

5.1. Ақпараттар,фотосуреттер мен түсіндірмелер 20сәуірден 15 ші мамырға дейін қабылданады.

5.2. 15-20 мамыр аралығында ақпараттар өңделіп, МЕДИА кітаптарының авторлары таңдалады.

  1. Жалпы конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

6.1. Байқауға кез-келген адам қатыса алады!

6.2. Нысандардың фотосуреттері Инстаграмдағы @duczhasulan ресми парақшасында орналастырылады.Сіз түсініктемелерде деректерге сілтеме жасай отырып,тарихи шындыққа сәйкес келетін нысандар туралы ақпаратты жазуыңыз қажет.

6.3. Естіген аңыз әңгімелеріңізді жазуға болады және олардың тарихы кімнен естігеніңіз туралы қысқаша сипаттама беруіңізге қажет.

6.4. Отбасылық альбомдардағы, интернет ресурстардағы мұрағаттық фотосуреттер құнды ақпарат ретінде қызмет етеді, фотосуреттер «МЕДИА КІТАП» деп белгіленген  direct ке жіберіледі.

                  

  1. Жұмыстарды бағалау шарттары:

Қостанай облысының оңтүстік аймағында қосымша МЕДИА аймақтық кітабын құру үшін ақпаратты өңдеу және іріктеуді жобалық кеңесшілер басқаратын жұмыс тобы жүргізеді:өлкетанушы,Арқалық қаласының құрметті тұрғыны Ш.Байділдин және Қазақстан Республикасының құрметті іздеушісі, Ежелгі Торғай зерттеушісі-Өткелбаев Т.

 

                                                                                                             Ұйымдастыру алқасы

“Ауылым-алтын бесігім” туристік-өлкетану клубының жетекшісі

Оразалина Асель Даурновна

тел:7-04-05;8 705 766 24 69


Жарияланды: 21.04.202007:39

Автор: