Егер мен Президент болсам…

2021 жылдың 19 қараша күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы жанынан құрылған «Жас Ұлан» балалар ұйымы штаб төрайымы Алдамжарова А.М және «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебінің жетекшісі Файзуллина А.Н ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай қалалық «Егер мен Президент болсам..» атты байқауы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың еліміздің Президенті туралы түсініктерін толықтыру, халыққа қызмет етудің түрін түсінуге ықпал ету, туған жерге сүйіспеншілігін ояту, бәсекеге қабілетті азамат болуға баулу..
Байқау барысында оқушылар өздерін бір сәтке еліміздің басшысы ретінде санап, өздеріне деген үлкен жауапкершілікті алып, еліміздің әлеуметтік, экологиялық және тағы да басқа мәселелерін шешу жолында өздерінің иедяларын айтып, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Байқауға қала мектептерінің 8-10-сынып оқушылары қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша әділ-қазы мүшелерінің ортақ шешімімен I орынға М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ 8 сынып оқушысы Төлеуова Айым, II орынға Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ 9 сынып оқушысы Тойлыбеков Асылхан, III орынға Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы Ануарбек Мадина ие болды. Барша белсенді қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Алдағы өтетін сайыстарымызға барлықтарыңызды белсенді түрде қатысуға шақырамыз!


Жарияланды: 24.11.202113:37

Автор: