Екі Езу

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жас актер» театр үйірмесінің  ұйымдастыруымен   ағымдағы 30 наурыз күні қала және ауыл мектеп оқушылары арасында «Екі Езу» комедиялық  қойылым байқауы өткізілді.
Комедиялық жанрдың түрлері сан алуан екені бізге мәлім,сол жанр түрлерін ашып айқындау мақсатында ұйымдастырылған конкурсымыз арқылы оқушылардың талантын  көрермендерге аша білдік.
Байқауға қатысушы мектептердің көбісі пародия жанрың таңдап  ережеге сай қойылым көрсете білді.
Байқауға қала және  ауыл мектептерінін арасынан 11 мектеп қатысып өз бақтарын сынады.
-Қатысу шарты бойынша оқушылардың жас ерекшелігі қарастырылып , қойылым туралы  мектептерге алдын ала   ақпарат берілді.
Байқаудың нәтижесі бойынша әділ қазылар шешімімен жүлделі орын иегерлері анықталды.
Қорытынды бойынша :
1-орын:Ы.Алтынсарин атындағы гимназия
2-орын:Фурманов жалпы білім беретін мектебі және Аңғар негізгі орта мектебі
3-орын:М.Әуезов атындағы 5 жалпы білім беретін мектебі  жүлделі орындар иеленуімен құттықтаймыз.
Ал номинация бойынша қорытындыласақ,өз өнерімен ерекше көзге түсіп,көрермен көзайымы атанған оқушылар:
«Ең үздік актёр» – Жылқыбай Әліби, М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің 7 «а» сынып оқушысы
«Ең үздік актриса» – Бейсенбаева Толқын,Кейкі бастыр атындағы №4 мектептің 9 сынып оқушысы марапатталды.

Жарияланды: 03.04.202316:19

Автор: