“Ел болашағы-жастар!” атты пікірсайыс турнирі

05.10.2020 жылы БЖО «Жас-Ұлан» жанынан құрылған «Фемида» дебат клубының ұйымдастыруымен «Ел болашағы- жастар» атты қалалық және ауылдық пікірсайыс турнирі өткізілді.Турнирге 6 фракция тіркелді, турнирге қатысқан мектептер:№4, №3, Восточный жалпы орта білім беретін мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін гимназия. Ойын барысында ұтқыр ойлар, ауқымды идеялар айтылды. Қаламыздың чемпионы атану деген мақсат турнир қатысушыларын ерекше мотивацияға бөлеген. Екі айналымнан кейін үздік 2 фракция үздік атанып, финалдық ойынға жолдама алды, олар: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін гимназиясының «Калита» фракциясы, Кейкі батыр атындағы жалпы орта білім беретін №4 мектебінің командасы. Финал ойыны өте жоғары деңгейде өтті. Фракциялар финалға лайық екенін ғана көрсетіп қоймай, финалда бар күштерін ортаға салды. Турнирі нәтижесі бойынша «Калита»  фракциясы турнир үздігі атанды. Турнирдің «Үздік спикері» Кейкі батыр атындағы жалпы орта білім беретін №4 мектебінің оқушысы Тұржан Әділ ие болды. Турнирдің «Үздік төрешісі» «Ақиқат» дебат клубының белсенді мүшесі, қаламыздың үздік спикерлерінің бірі Жолаушыбай Айжан атанды.


Жарияланды: 20.10.202014:10

Автор: