Еліміздің талантты балалары
Маусымның 23-і күні қала мектептерінің лагерь оқушылары арасында «Еліміздің талантты балалары» атты ойын өткізілген болатын.
Жарысқа мектеп лагерь оқушылары белсене ат салысты.Байқау шешімін шығару әділ қазыларға да оңайлық тудырмады.Оқушыларымыз сахнада өз өнерлерін көрсетіп, келген көрермендерге күлкімен қуаныш сыйлады.Жарыс соңында қатысқан командалар мен жүлделі орынды жеңіп алған командалар мақтау қағаздарымен және ақщалай сыйлықтармен марапатталды.Талантты жастарымыз жарыстан жақсы әсер алып тәжірибе жинап қайтты.Барлық қатысқан командаларға «Позитив клубының атынан тағы да алғыс білдіріп, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.
Жүлдегерлер:
1 орын-А.Байтұсынов атындағы кіші гимназияның “Тентектер” командасы
2 орын-№10 орта білім беретін мектептің “Балмұздақтар” командасы
3 орын-№4 орта білім беретін мектептің “Сүйкімді қыздар” командасы
3 орын-№5 орта білім беретін мектептің “Дос лэнд” командасы
3 орын-Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның”Жолдастар” командасы еншіледі.