«Фэнтези – 2025» қалалық байқауы

27 ақпан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қалалық штабының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектептерінің жас қырандар арасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашып, қиялын жүзеге асырып, дарынды, талантты балаларды анықтау және оны қолдау мақсатында «Фэнтези – 2025» қалалық байқауы өткізілді. Байқаудың әділқазылар алқасы Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері Н.С.Муханбеткалиева «Жас Ұлан» орталығының оқу – тәрбие орынбасары И.И.Роговой, «Жас Ұлан» БЖО – ның көркемдік жетекшісі А.Б.Бауыржанова төмендегідей қорытынды шығарып, оқушыларды марапаттады.
І – орын №7 ЖББМ 1 – сынып оқушысы Алматова Айлин
ІІ – орын Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ 2 – сынып оқушысы Бейбіт Жаннұр
ІІ – орын №10 ЖББМ 3 – сынып оқушысы Лихтина Влада
ІІІ – орын М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ 1 – сынып оқушысы Кәрімжан Айару
ІІІ – орын А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиясының 4 – сынып оқушысы Юсип Айзере
ІІІ – орын А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 4 – сынып оқушысы Оразымбек Айбегім марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Қалған қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазы берілді. Жеңімпаздарды сапалы дайындағаны үшін жетекшілері де алғыс хатпен марапатталды.
Кішкентай қатысушыларға қолдау көрсеткен ата – аналарға алғыс білдіреміз!

 


Жарияланды: 01.03.202509:33

Автор: