Компьютерлік графикадан қалалық байқау-көрме Тақырыбы: «Қазақстанның болашағы»
2023 жылғы 21ақпан мен 7 наурыз аралығында “Жас Ұлан” БЖО қала және ауыл мектептерінің оқушылары арасында компьютерлік графика бойынша шығармашылық байқау өтті.
Оқушыларға тәлімгер-мұғалімдерімен бірге компьютердегі кез-келген графикалық редактордың көмегімен түрлі идеяларды өз қиялдарымен ұштастыра отырып, сурет салуды жүзеге асыру ұсынылды,мысалы: Adobe Photoshop, GIMP, Picsart және т.б.
Әркім өзіне ыңғайлы және өздеріне таныс құралды таңдады. Қатысушылар өз ойларын Монитор экранына өз бетінше енгізді және таратты. Қазылар алқасы тарапынан тек үздіктерді таңдап, ең алдымен тақырыптың сәйкестігіне, тапсырманың орындалу сапасына және күрделілігіне баса назар аударды.
Анықталған жеңімпаздар:
1 орын -№8 негізгі мектептің 5 сынып оқушысы Мұсабаева Арайлым.
2 орын- №6 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Сабыржан Абай.
2 орын – Ә. Бөкейхан атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Сахаба Жандос.
4 орын – Ә. Бөкейхан атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Қырғи Адия.
5 орын- №6 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Болатқызы Айару.
Барлық қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз!
«Курсор» компьютерлік клубының жетекшісі: Петров С. Г.