«ХХI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны

05.06.2020ж «Жас-Ұлан» БЖО Еліміздің болашағы –  мектеп оқушыларының арасында білімнің құндылығын көрсететін «ХХI ғасыр көшбасшысы» атты интелеектуалды ойын сайысы өтті. Бұл сайысқа қаланың Арқалық қаласының  9 мектебі  және қаламыздың жанындағы Восточный ауылынан келген команда бақ сынады. Жалпы ойын өз деңгейінде қызу әрі тартысты өткізілді. Барлық команда өздерінің дайындалып келгенін жалынды көрсетті. Білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымыз 4 сайыста сыннан өтті.

Атап айтсақ сайыстар:
1)Бәйге
2)Жорға
3)Дода
4)Жұмбақтар жарысы
Бұл ойында командалар Тарих, География, Математика, Қазақ тілі және Информатика пәндерінен өз білгірлігін көрсетті. Қазіргі таңда үш тілде оқыту бағдарламасы болғандықтан Ағылшын тілі де шектен тыс қалған жоқ. Ойын Рәміздер күнінің қарсаңында өткізілгендіктен «Дода» сайысы ҚР рәміздеріне байланысты таңдалған болатын. Қатысушыларға қызықты болуы үшін ойында LED экран қолданылып, сұрақтар көгілдір экран арқылы жүргізілді.
Ойынды қорытындылай келсек, әділ-қазылар шешімі бойынша:
Бас жүлде Арқалық қаласы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназия
1-орын Арқалық қаласы Бейімбет Майлин атындағы №3 мектеп
2-орнын Восточный ауылының орта мектебі
3-орын «Жас-Ұлан» БЖО ішінен құрылған «Позитив» Жайдарман отауының командасы иеленді.
Қалған командалар да мадақтама қағаздарымен марапатталып,келесі ойынға бұдан да жақсы деңгейде дайындалып келетіндерін жеткізді.
IMG_0253
IMG_0270
IMG_0295
IMG_0298
IMG_0323

Жарияланды: 10.06.202014:45

Автор: