“Менің ауылдағы бір күнім” атты видео байқауының қорытындысы

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Bloggers» клубының ұйымдастыруымен ауыл мектеп оқушылары арасында«Менің ауылдағы бір күнім» атты видео байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: Оқушыларға туған жерге деген ыстық сезімін бөлісуге, әр баланың елін, Отанын қадірлеуге бағыттау. Заман талабына сай етіп жаңашыл ұрпақты тәрбиелеу.

Жалпы байқауға 12 жұмыс жіберілді, үздіктер I, II, III орындарды иеленді. Олар:

1- орынды Восточный жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Боранбай Бақнұр жеңіп алды.

2- орынды Фурманов жалпы білім беретін мектебінің 4 «б» сынып оқушысы Уәли Жанна ие болды.

3- орынды А.Макаренко  атындағы жалпы білім беретін  мектебінің  3 сынып оқушысы Сәлімгерейұлы Нұрәли иеленді.

4- Барлық қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Жеңістеріңіз көп болғай, оқушылар.  Белсенді қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.

 «Bloggers» клубының жетекшісі: Әмірғалиева Аяжан Шахмарденқызы.


Жарияланды: 24.02.202312:28

Автор: