«Спорт біздің серігіміз» атты қалалық көңілді мәре сайысының қорытындысы
2022 жылдың 14 мен 18 қараша аралығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Денсаулық айнасы» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Спорт біздің серігіміз» атты көңілді мәре сайысы болып өтті. Сайысқа мектеп оқушылары және жетекшілері белсене ат салысты.
«Спорт біздің серігіміз» байқауының әділ қазылары болып мекемеміздің
«Эдельвес» спорттық туризм клубының жетекшісі Жусупов Мурат Шалабайұлы . «Bloggers клубының жетекшісі Әмірғалиева Аяжан Шахмарденқызы . «Позитив» жайдарман үйірме жетекшісі Ербосын Рамазан Нұрлыбекұлы тағайындалды. Бас төреші Әлмағамбет Рамазан Бейбітұлы төрелік етті
Қорытындылай келе
І орынға- Родина жалпы білім беретін мектебі «Толағай» тобы жеңіп алды
ІІ орын- Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі «Сұңқар» тобы иеленді
ІІІ орын- Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім бертін мектебі «Бірлік» тобы ие болса
Қалған топтарға белсене қатысқаны үшін мадақтама берілді. Олар:
А.Қунанбаев атындағы мектеп гимназиясы «Абай мектебі» тобы
№10 жалпы білім беретін мектебі «Қыран»тобы
№8 жалпы білім беретін мектебі «Қыран» тобы
№3 Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі «Қыран» топтары марапатталды.
Барлық мектеп оқушыларға және жетекшілерге алғыс білдіреміз!