Қоссырықта тігінен көтеріліп түсу жаттығуы бойынша өткен жарыстың қорытындысы
2024 жылғы 8 қарашада Арқалық қаласындағы «Жас-Ұлан» БЖО-да 2007 жылы және одан кейін туған оқушылар арасында қоссырықта тігінен көтеріліп түсу жаттығуы бойынша жарыс өтті. Жарыс кезінде балалар жеңіске жетуге деген ұмтылыспен белсенділік танытып, табандылықпен жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1-орын – №4 мектеп оқушысы Даниил Махмутов;
2-орын – Ы. Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Ерхан Хамит;
3-орын – №10 мектеп оқушысы Расул Исмагильянов.
Жетекші: А. М. Клещенок