“Үй жануарлары” атты қалалық макеттер байқауы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы “Жас Ұлан” БЖО-да 15-наурыз күні “Какаду” клубының ұйымдастыруымен “Үй жануарлары” атты қалалық макеттер байқауы өткізілді. Байқауға ауыл және қала мектептерінің оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушыларды еңбекке баули отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жануарларға қамқор болу.
Әділ қазылар қорытындысы бойынша, оқушылар дайындап әкелген макеттің ерекшелігіне, оны қорғауына орай төмендегідей шешім шығарды:
1-орын Ш.Уалиханов ат.#1мектебінің оқушысы Булат Айдана
2-орын Кейкі батыр ат.#4 мектеп оқушысы Турмаганбетова Арайлым
2-орын Ақбұлақ негізгі орта мектебінің оқушысы Беков Нұрболсын
3-орын #8 негізгі орта мектебінің оқушысы Ермұханбетов Жәнібек
3-орын #10 мектептің оқушысы Әділбек Динара мақтау қағаздарымен марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хат табысталды.
“Какаду” клубының жетекшісі Ыбырай А.Д.