«Көңілді мәре» сайысы өткізілді…
2019 – 2020 оқу жылының «Үміт – Надежда» спорттық сауықтыру бағдарламасы аясында 11 – ші қазан күні «Көңілді мәре» сайысы өткізілді. Сайыс БЖО «Жас – Ұлан» орталығының спортзалында өтті. Сайысқа 15 бала қатысты, жетекшілері – Аубакиров Бақытжан.
Сайыс 6 турдан болды. Мұнда І орынды – «Жігер» тобы, ІІ орынды – «Қайрат» тобы, ІІІ орынды – «Жас қыран» тобы иеленді. Сайыс өте жоғары деңгейде өткізілді. Соңында жеңімпаз топтар мақтау грамоталарымен марапатталып, естелік фотосына түсті.