Көңілді мәре жарысының есебі
Жоспарға сай 12-ақпан күні сағат 15.00 де қала мектеп оқушылары арасында «Көңілді мәре» спорттық жарысы өтті.
Бұл спорттық жарыстың мақсаты мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар қозғалғыштық қимыл дағдыларын түсіндіру, және де тәрбиеленушілерді денсаулықты нығайтуға баулу, әрі салауатты бәсекелестік рухты қалыптастыру.
Көңілді мәре жарысына КІБ және мектепішілік есепте тұрған 5-7 сынып оқушылары қатысты. Әрбір мектептен 3 ұл, 2 қыз жинақталды. Қатысушылар ережеге сай біркелкі спорттық киіммен және спорттық аяқ-киіммен, сонымен қатар жарысқа дәрігергердің рұқсат қағазымен жіберілді. Көңілді мәре жарысы өте тартысты және қызықты өтті. Қатысушылар үш командаға бөлініп, өз бақтарын сынады. Тартыстың көңілді өткені соншалық, әрбір команданың қолдаушылары демеу беріп, өз командасына қолдау көрсете білді. Ойын түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылды. Қызықты спорттық ойындармен қоса логикалық жылдам есеп шығару түрлері қолданылды. Қорыта келгенде, ІІІ орынды №2 және №4 мектеп иеленді. ІІ орынды №5 мектеп және І орынды №10 мектеп иеленіп және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, әрбір жеке балаға жарысқа қатысқаны үшін мадақтама грамотасы мен тәттілер сыйланды.
«Подросток» клубының жетекшісі: Тубекова А.А.