«Көңілді сұхбат» атты қала блогерлерімен кездесу кеші өткізілді
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Арқалық қаласы білім бөлімінің “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер орталығының» ұйымдастыруымен қала мектептерінің жанынан құрылған жазғы лагерь оқушылары және «Жаз offline» 2 – ауысым оқушылары арасында «Көңілді сұхбат» атты қала блогерлерімен кездесу кеші өткізілді. Сұхбатқа белгілі қала блогерлері Динара Ғалымжан және Раушан Бауыржанқызы қонақ ретінде шақырылды.
Аталмыш іс – шара өскелең жас ұрпақты әлеуметтік желіні дұрыс және пайдалы жағына қарай қолдану мақсатында өткізілді.
Блогерлермен көңілді әрі пайдалы сұхбат өттіп, сонымен қатар келген қонақтарымыз көңілді ойындар ойнады.Оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Келген қонақтарымыз қазақтың ұлттық тағамы құрттан балаларға дәм ауыс тигізді. Көңілді кештің соңында оқушыларға қол таңбасын қалдырып, естелік фотоға түсті. Кейін біз де қонақтарымызды құр жібермей кәде сый мен шығарып салдық.